Алматы облысында «Анаға құрмет» деп аталатын музей бар
Алматы облысында «Анаға құрмет» деп аталған музей бар. Шынайы құндылықтардан сыр шертетін мұражай Райымбек ауылында орналасқан.
Мұның ТМД елдерінде баламасы жоқ дейді білетіндер. Мәдени нысанда елге белгілі аналар мен батыр қыздар туралы тарихи жазбалар сақталып, әйелдердің тұрмыста қолданған сан түрлі бұйымдары қойылған.
«Анаға құрмет» музейі аз уақытта облыстағы танымал мәдени нысанға айналды. Алматыға жақын орналасқандықтан адамдар жиі келеді. Музейді құру туралы бастаманы ұлағатты ұстаз Бақыт Жатқанбайқызы көтерген еді. Сол себепті де көптеген экспонаттарды ол өз қолымен жинаған. Бүгінгі күні музейде 550 ден астам түрлі заттар, музыкалық аспаптар мен тарихи жәдігерлер қойылған.
Роза Есенгелдиева, сазгер:
- Бұл музейдің ішіне кіріп, кіргендегі аура әсер еткені соншалық. Ішінің әсемдігін былай қойғанда, ескі дүниелердің тұрғандығын көріп, қаншама заттарға көзіміз тойып білмегенімізді біліп жатқан жайымыз бар.
Экспонттар қатарында әйелердің әшейкей бұйымдары бар. 19-ғасырда арулар таққан күміс алқа, тұмар мен қапсырмаларды көруге болады. Бұдан өзге өңіржиек, кимешек пенқосетек көйлектер бөлменің көркін кіргізіп тұр. Ал жақында муражай қоры жаңа заттармен толықты.
Ақерке Амантай, "Анаға құрмет" музейінің ғылыми қызметкері:
- Мына жерде сіздерге көрсетіп тұрған көнек деп аталады. Бағзы заманвдарда біздің бабаларымыз арнайы шелектің орнына ұолданған бұйымыдары. Жас малдың терісінен жасайтын болған. Тайдың мойын терісіне, сиыр терісінен. Қазір бізде сақталған түрлері өте қатты түрлері.
Құнды заттардың көбісін облыс тұрғындары өз ниетімен әкеліп тапсырады. Ұлттық құндылықтарды қастерлейтін жомарт азаматтар да әулеттінде сақтадған отбасылық жәдігерлерді сыйға тартады. «Анаға құрмет» музейінде оқушыларға әсіресе қыз балаларға арналған өнегелік, тәлімдік дәрістер өтеді. Жыл басынан бері мәдени нысанға екі мың адам келген.
Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев