Алматыда «Қара шапан» мүсіні орнатылды
Бұл қазақстандық суретші Сырлыбек Бекботаевтың еңбегі.
Автордың айтуынша, мүсін кездейсоқ таңдалмаған, шапан Орталық Азия мәдениетіне ортақ киім үлгісі. Құрметті қонаққа шапан жабу дәстүрі қалыптасқан. Бұл ұлттық мәдени кодтың өнердегі көрінісі, дейді суретші. Үш метрлік шапан күйдірілген болат темірден өріліп жасалған. Салмағы жарты тонна. Жеке авторлық техникамен жасалған мүсінге суретші бір ай уақытын жұмсапты. Сырлыбек Бекботаевтың шығармашылық идеясын жүзеге асыруға Алматы әкімдігі мен меценаттар қолдау көрсеткен. Ерекше арт-нысанды Панфилов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысынан көруге болады.
Сырлыбек Бекботаев, суретші:
- Біздің қоғамға қарасаңыз көп Қазақстан азаматтары шапан киіп, өзіміздің кім екенімізді сыртқы бейнесімен ажыратып жүрген сияқты. Манау бір соның көрінісі сияқты. Конструкциясын тұрғызып, формасын шешкеннен кейін ары қарай күш талап етеді.