Жасанды интеллект еліміздегі ән кешінде қолданылды

Елордада алғаш рет ән кешіне жасанды интеллект қолданылды.

Компьютерлік сана мен сазды әуен музыкант Мақпал Жұмабайдың «Erten» деп аталатын концептуалды концертінде тоғысты. Яғни сазгердің әндерін жасанды интелект суретке түсіріп, туындының мазмұнын картина арқылы көрерменге ұсынды. Сахнада 20-ға жуық ән шырқалып, оны кәсіби әртістер сүйемелдеді. Композитор бұл кеш арқылы ертеңге деген сенімі мен үмітін жеткізгісі келіпті. Ән кеші тұтастай бір идеяға бағытталған толыққанды қойылымға айналды. Айта кетейік, Мақпал Жұмабай бұған дейін Лондонда және еліміздің бірнеше қаласында осы сынды ерекше ән кешін өткізген.

Молдияр Ергебеков, өнертану докторы:

- Барлық әндер бір тақырыпты ашуға бағытталған. Бұл жердегі тақырып ертең деп аталады. Ертең бізді алаңдататаын, әрі аз да болса белгілі, үрей тудыратын шақ. Осы ертеңге байланысты ойын Мақпал Жұмабай қоғаммен бөліседі. Ақын, музыкант Мақпал Жұмабайдың «Erten» концептуалды концерті өтеді. Сахнаның артындағы лед экранды көрер болсаңыз, соның бәрін жасанды интеллект жасады.