М.Әуезовтың 80 жылдығы Түркияда атап өтілді

Белгілі мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезов 80 жаста.

Осыған орай Анкарада халықаралық конференция өтті. Оған түріктің қоғам қайраткерлері, көрнекті өкілдері мен туркологтар қатысты. Шара Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Хажы Байрам Университетінің ұйытқы болуымен өтті. Басқосуда ғалымның тарих пен мәдениетке қосқан өлшеусіз үлесі жайлы айтылды.

 

Тайфун Хайкыр, түрік тілін үйрету орталығының директоры:

- Орталығымызда әлемнің түкпір- түкпірінен келген студенттер білім алады. Мұнда біз жастарға түрік тілімен қатар Түркі тілдес мемлекеттердің тарихы мен мәдениетін үйретеміз. Осы тұрғыдан, бұл текті шаралардың маңызы зор. Әлем жастары тікелей сол елдің мамандарымен тілдесіп, жан- жақты ақпарат ала алады. Бүгін міне Мұрат Әуезов жайлы көп дүниемен сусындадық.

Гүлжанат Құрманғали-Эржиласун, Қажы Байрам университетінің профессоры:

- Жас тұлпар да негізгі Алаш зиялыларының өміріне қызыққан. Ашаршылықта қаншама адам текке кетіп, қанша адамды өмірін жойды деген мәліметті білгіміз келді деп айтқан Мұрат Әуезов сияқты Жас тұлпар Алаш зиялыларының өмірі мен шығармалары айтып дүрген болса керек келер ұрпаққа жетуіне бірден- бір үлес қосқан.

Сондай-ақ...