Жалағаш ауданының тұрғыны киіз үйді кірпіштен қалады
Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны кірпіштен киіз үй тұрғызды.
Есіктен төрге дейін ұлттық салт-дәстүрге сай жабдықталған. Көне сандық үстінде жиылған жүк, домбыра келген қонаққа ерекше әсер сыйлайды. Этностильдегі үй заманауи талапқа сай келеді. Асхана, жатын бөлмесі бар. Үй иесінің атасы кезінде ағаштан түйін түйген шебер болып, кереге, уық, шаңырақ жасаған. Балаларына да ұсталықтың қыр-сырын үйреткен. Ауылдағы қарашаңырақтың ауласында үнемі киіз үй тұрған. Шебердің еңбегін ауылдықтар ерекше бағалап отыр.
Кенжегүл Еспенбетова, ауыл тұрғыны:
- Жастар да қызығады. Келешек олардың да ойында болады, келіп көріп кеткендердің. Салуға болады екен деп. Таңқалған кісілер көп енді. Сырттан да келіп көріп кеткендер көп. Ішін енді қолдан келгенше түлкінің терісін, қасқырдың терісін, қазақтың дәстүрлерін іліп қойғымыз келеді.