Париж тұрғындарына «Қыз Жібек» киносы көрсетілді

Қазақ киносында аты аңызға айналған «Қыз Жібек» Париж тұрғындарына көрсетілді.

Қазір мұнда қазақ киносының фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара осымен бесінші рет ұйымдастырылуда. Бұл жолғысы режиссер Сұлтан Қожықовтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған. Қазақстандық фильмдердің дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін ВезУльдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды.

Жан-Марк Теруан, Азия киносы фестивалінің директоры:

- «Қыз Жібек» - керемет туынды! Ол поэзияға толы. Бұл Орталық Азия киносына тән ерекшелік. Ұлттық нышандардың қолданылуы қатты әсер береді.

Меруерт Өтекешова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:

- Осында келемін деп ойламап едім. Бір жағынан қуанып отырмын. Бірақ Төлегенімнің жоқтығы жаныма батады. Фильмның режиссері Сұлтан Қожықов биыл 100 жылдығын атап өтер еді. Туындысы жарты ғасырдан кейін Франция төрінде көрсетіледі деп ойлмаған шығар.

Сами Насери, актер:

- Фильмдегі костюмдер қандай әдемі! Бас рөлді сомдаған актриса біздің Катрин Денев, Эдит Пиафтан кем түспейді.

Қазақ киносының бесінші фестивалінде Қыз Жібектен бөлек Бақыт драмасы, "Тау пиязы" комедиясы, Денис Тен сценариі бойынша түсірілген деректі фильм көрсетіледі. Ал бағдарлама соңында әйгілі "Дос-Мұқасанның" музыкалық фильмінің тұсаукесері өтеді.