Әуезовтің «Сауат ашу» дәптері көрсетілді

Павлодарда «Әуезов феномені – ұлылар үндестігі» атты көшпелі көрме ашылды.

Шара Алматыдағы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының 60 жылдығына арналды. Көрмеге бас-аяғы 130 құнды жәдігер қойылды. Келушілер назарына ұсынылған экспонаттардың ішінде заңғар жазушының «Абай» тарихи романының қолжазбасы мен алғашқы нұсқалары, марапаттары, сондай-ақ жеке заттары бар. Мамандардың айтуынша, жәдігерлер түпнұсқа күйінде сақталған.  Көшпелі  көрме шеңберінде өңірдегі музей қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында кездесулер өткізбек.

Ермек Ханкей, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ғылыми қызметкері:

-Біз екі бағытта жұмыс істейміз. Әуезов мұражайы ғылыми бағытта және мәдени. Мәдени жағы – жаңағы мұражай, оның еңбектері, мұражай-үйі, қолжазба қоры, соның барлығы сақталады. Ал ғылыми жағы осы мұралардың барлығын біз зерттеп, жарыққа шығарып, ол туралы феномен дейміз, Әуезов шығармашылығының өмірбаяны дейміз. Осындай түрлі-түрлі тақырыпта «Әуезовтану» бөлімі 10 шақты ғылыми мнография дайындады. Оның сыртында Әуезовтің академиялық 50 томдығы жарық көрді.

Салтанат Мұқатаева, «Әуезов Үйі» ғылыми-мәдени орталығы директорының орынбасары:

-Мұхтар Әуезов өзі ұстаған, тұтынған заттары, оның ішінде портфелі, шапаны, бөркі. Бұл енді 1957 жылы Мұхтар Әуезовке 60 жыл толады. Сол кезде еліне барғанда, арнайы сыйға берген заттары болып табылады. Енді соның ішінде тағы айтатын дүние, Мұхтар Әуезовтің «Сауат ашу» дәптері сақталған. Түпнұсқа ретінде әкеліп отырмыз.