Павлодарда киіз үй тігуден шеберлік сабағы өтті
«Кәусар бұлақ» ата-әжелер мектебінің белсенділері «Nomad Time» жобасын қолға алды, деп хабарлайды 24KZ.
Қариялар балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Бұл жолы киіз үйдің тарихына қатысты тың мағлұматтармен таныстырды. Киіз үйдің шағын макетін әкеліп, оның құрылымын көрсетті. Кезінде көшіп-қонып жүрген қазақтың баспанасы болған киіз үй қыста жылы, жазда салқын болады. Тез құрылып, жиналады. Әсем безендіріледі. Бұл халқымыздың мәдениеті мен жоғары эстетикалық талғамын білдіреді.
Сонымен қатар оқушылар ат әбзелдерімен да танысты. Қайыстан қырық таспа қамшы өретін шеберлер ел ішінде баршылық. Қамшыны ұстау мен ілудің де өз мәдениеті сақталған.
Құдайберген Секерұлы, «Кәусар бұлақ» ата-әжелер мектебінің мүшесі:
- Қазір біздің беріп жатқанымыз – мына ұлттық салт-дәстүр, тәлім-тәрбие, мына көне заттарды дәріптеу. Жаңағы қандай бұйым бар, соның бәрін дәріптеу. Қыл аяғы мына ас мәзірінен бастап жаңағы мына киіз үйіміз де бар. Қамшымыз бар, ат әбзелдеріміз бар. Бұл – көшпенді халықтың тарихы. Оның ішінде бәрі айтылып жатыр.
Ботагөз Қуанышбек, С. Торайғыров атындағы орталық кітапхананың қызметкері:
- Ұлыстың Ұлы күнін ұлықтау аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Ол бүгінгі осы «Nomad Time» атты шығармашылық шеберлік сабағы – ол қазіргі таңдағы облыстық кітапханадағы креативтік жастар орталығының арт-студия атты жобасы аясындағы бүгінгі «Nomad Time». Ол – киіз үйді жинақтау және де ішін безендіру жөніндегі шеберлік сабағы.