Қазақтың күйлері әлемдегі 26 елдің радиосында күмбірледі
Наурыз мейрамы күндері әлемнің бес құрлығында "Балбырауын", "Адай", "Сарыарқа", "Серпер", "Көңілашар" секілді қазақтың төл күйлері күмбірледі.
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы, Дайрабай Ерназарұлы және Түркеш Қалқаұлының композицияларын 26 елдің радио тыңдаушылары тыңдады. Тізімде АҚШ, Испания, Бразилия, Хорватия, Польша, Грузия, Болгария, Литва, Латвия, Венгрия, Индонезия, Тайланд, Малайзия, Марокко, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Түркия, Иран, Қырғызстан, Эфиопия, Оңтүстік Африка Республикасы және ресей радиостанциялары бар. Шетелдік әуе толқынында қазақ күйлерін ротациялауды Мәдениет және ақпарат, сонымен бірге Сыртқы істер министрліктері ұйымдастырды.