Қазақстандық фильм халықаралық фестивальде бас жүлдеге ие болды

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың туындысы Брюсельдегі фантастикалық фильмдердің халықаралық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды 24KZ.

«Дала қасқыры» жұмысы «халықаралық фильм» аталымы бойынша үздік деп танылды. 40 жылдық тарихы бар фестивальге жыл сайын 50 мыңға дейін адам жиналады. Биыл онда 60 туынды көрсетілген.

Джонатан Ленаертс, фестивальдің баспасөз менеджері:

- Енді «Дала қасқыры» менің сүйікті фильмдерімнің тізімінде болады. Маған қатты ұнады. Әрбір кадры – нағыз туынды. Әйгілі шебер Иероним Босхтың суреттерін көріп отырғандай сезімде болдым. Режиссердің бұл жұмысы қазақстандық киноны жаңа деңгейге шығарады деп ойлаймын. Көруге тұрарлық туынды. Рақмет, Қазақстан!