Шымкент тұрғыны 200-ден астам қуыршақ жинады
Шымкент тұрғыны Паулина Бренер әр ұлттың киімін киген қуыршақ жинаумен айналысады, деп хабарлайды 24KZ.
Қоллекциясында 200-ден астам ойыншық бар. 20 жылдан бері ерекше кәсіпті ермегіне айналдырған зейнеткермен аймақтағы әріптесім тілдесіп қайтты.
Паулина Бренердің қуыршақ жинауға деген қызығушылығы Нидерландыға сапарынан басталды. Сол кезде сатып алынған қос қуыршақтың қатары толығып, тұтас коллекцияға айналды. Пәтерінде әлем халықтарының дәстүрі мен мәдениетін насихаттайтын 200-ден астам ойыншық бар. Айтуынша, кәдесыйлар көңілге қуаныш сыйлайды.
Паулина Бренер, қала тұрғыны:
- Қараңызшы, қуыршақтардың жүзінде түрлі эмоция байқалады. Бірі күлімсіреп, енді бірі жабырқаулы сияқты. Олардың энергетикасы мені мейірімге бөлейді. Қуыршақтарды қызықтауға келген балалардың шат-шадыман болған көңіл күйін көріп, өзімді жақсылық жасағандай сезінемін. Сондықтан олар өмірімнің бір бөлшегіне айналды.
Өмірін қолданбалы өнермен байланыстырған зейнеткер қазір 85 жаста. Коллекциясындағы қуыршақтың көбі пластмасса мен фарфордан жасалынған. Өткен ғасырдан жеткен қуыршақтардың киімін жуып-тазалып, күтіп ұстайды.
Паулина Бренер, қала тұрғыны:
- Халықтар достастығы бір шаңырақ астында дерсіз. Бәрін ерекше жақсы көремін. Мынау қазақ халқының мәдениетінен сыр шертетін қуыршақ та сондай сүйкімді. Ұлттық нақыштағы киімі сапалы тігіліп, ерекше оюлармен өрнектелген.
Педагог Паулина Бренер зейнет жасында болса да, әлі күнге дейін шәкірттерімен тығыз байланыста. Әлемнің әр түкпірінде жұмыс істеп жүрген олар ұстазына кәдесый жіберіп, коллекциясын толықтырып отырады.
Эльвира Нұрмаханова, қала тұрғыны:
- Мұнда костюм киінген қуаршақтардың саны өте көп. Бұл үлкен еңбек пен асқан ыждағаттылықтың арқасында жиналғанын жақсы білеміз. Топтамаға таңданбасқа болмайды. Сол үшін Паулина Михайловнаға алғасымызды білдіреміз.
Коллекциянер үшін бұл қуыршақтар өте бағалы. Сондықтан оларды сыйға тартқаннан гөрі көрмеге қойып, көпке таныстырғанды жақсы көреді.
Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов, Самат Нағашбекұлы.