Жанат Чайкина 70 жасқа толды

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина 70 жасқа толды, деп хабарлайды 24KZ.

Ол Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында еңбек ете жүріп, Мұхтар Әуезовтың «Қарагөзін», Абайдың «Мағышын», Ақан серінің «Ақтоқтысын» сомдады. Жарты ғасырдан астам сахналық өмірінде дүниежүзілік және отандық классикалық драматургияның дамуына үлес қосты. 70-ке жеткен актриса әлі де сахнадан түскен жоқ. Биыл Жанат Аңсабайқызының шығармашылығына 50 жыл. Осыған орай Эдуардо Де Филиппоның «Әйел құпиясы» спектаклі сахналанды.

Болат Ұзақов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Бірінші, өте еңбекқор. Содан кейін алған роліне жауапкершілікпен қарайтын. Алған кейіпкерінің өмірін мейлінше сенімді қып, мейлінше түбіне дейін зерттеп барып, көрерменге ұсына алатын сауатты актриса деп айтуға болады.