Гималай асқан қазақ көші туралы фильм түсіріледі

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммиті халықаралық саяси-экономикалық алаң ғана емес, сондай-ақ мәдени бастамаларға да жол ашқалы отыр.

Жиынға Түркияда тұратын қандасымыз, әлемге әйгілі кинопродюсер Надира Ахонова арнайы келген. Голливудты мойындатып, HBO-мен бірлесе түсірген "Генетикалық паспорт" деректі фильмі үшін "Эмми" сыйлығын иеленген қазақтың қаракөз қызы енді Үндістандағы Гималай арқылы Түркияға ауған қазақ көші туралы 2 сағаттық тарихи-көркем фильм түсірмек ниетте.

Қазір туындының сценарийі жазылып жатыр. Ол кейін түрік тіліне аударылмақ.

Надира Ахонова, кинопродюсер:

- Қазіргі саммитті пайдалана отырып, көш жайлы фильм түсіруді жоспарлап отырмыз. Қазақстан және Түркия мемлекеттерінің қолдауымен. Тарихи фильм. Түркияда түсіріледі. Виртуалды студияда. Бұл біздің тарихымыздағы маңызды тақырыптардың бірі деп ойлаймын.