Алматыда отандық музыка тарихына арналған «91-23» кітабы таныстырылды
Алматыда отандық музыка тарихына арналған «91-23» кітабы таныстырылды.
Басылымда 1991 жылдан бастап, 2023 жылға дейінгі аралықтағы Қазақстанның музыкалық мұрасы қамтылған. Авторлар белгілі өнер қайраткерлері мен жас орындаушылардың шығармашылығы арқылы мәдениеттің қалыптасуы мен дамуын баяндайды. Кітаптан оқырман Батырхан Шүкенов, Роза Рымбаевадан бастап, Скриптонит, ((Ninety One)) Найнти уан секілді топтар мен жеке орындаушылардың шығармашылық жолдарымен таныса алады. Еңбек екі тілде жарық көрді. Орыс тіліндегі нұсқасының авторы Александр Медведев. Ал қазақ тілінде Әділ Айжарық жазған.
Әділ Айжарық , кітап авторы:
- Қандай ерекше феномен болды? Неліктен? Қазақстан музыкасы әлемдік нарықтағы музыкаға қарағанда өзіндік бір ерекшеліктерге ие болды? Соны тарихпен байланыстырып, әлеуметтік-саяси мәселелермен байланыстырып, толыққанды мәдениеттің тарихын баяндау үрдісі орын алды.