Мәскеуде қазақ киносының күндері өтіп жатыр

Отандық фильмдердің көрсетілімі шаһардағы Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонында басталды, деп хабарлайды 24KZ. Бағдарламаға қазақстандық режиссерлердің соңғы жылдардағы көрнекті туындылары кірген. Олар: «Дос-Мұқасан», Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев туралы «Боксшы», «Қажымұқан», «Патриоттар уақыты» және «Дабыл операциясы» картиналары.

«Қажымұқан» фильмі Ресейде прокатқа келер жылдың ақпан айында шығады деп жоспарланып отыр. 

Айнұр Дүйсенова, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының өкілі:

- Ресейде «Қажымұқан» фильмін прокатқа оңтүстік аймақтарда көбірек тарату жоспарда бар. Ол еліміздегідей шамамен 80 миллион теңге жинауы мүмкін. Бұл әлеуметтік маңызы бар фильм үшін өте жақсы көрсеткіш. Өйткені ол комедия, блокбастер немесе танымал жанр емес.