Қазақ ұлттық драма театры Бішкекке гастрольдік сапармен барды

Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры Бішкекте гастрольдік сапарда жүр.

Театр тарландарының алғашқы спектакльінде зал көрерменге лық толды. Алда 3 қойылым бар.

2026 жылы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрына 100 жыл толады. Мерейтой қарсаңында өнер ұжымы Жетісу облысынан үлкен сапарын бастап, Өзбекстанға барды. Ташкентте, сосын Қарақалпақстанда болған. Қазір Қырғызстанда жүр. Мұнда 4 күн болмақ. Спектакльдер  Тоқтоболот Әбдімомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық-драма театрында көрсетіледі.

Алмаз Шаяхметов, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері:

"Мәңгілік бала бейне", "Қоштасқым келмейді", "Қорқыттың көрі" сынды спектакльдеріміз сахналанады. Осы қырғыз елінде Бішкек қаласында театрымыздың. Енді бұл рольдің ерекшелігі жалпы Төлегеннің рөлі өте елін ойлаған, жерін ойлаған, Қыз Жібекке деген махаббатымен, махабаттың символы дейміз ғой былай айтқан кезде.

Қырғыз көрерменінің назарына берісі қазақ, арысы әлемдік драматургияның жауһарлары - "Қыз жібек", "Қоштасқым келмейді" және басқа спектакльдер ұсынылады. Оларда Қазақстанның Халық әртісі Дулыға Ақмолда, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Болат Әбділманов, Шынар Асқарова және Жалғас Толғанбай, сондай-ақ қалың көрерменге кеңінен танылып үлгерген жас таланттар ойнайды.

Жуасбек Еркін, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры:

"Міне өзіңіз көріп тұрсыз, көрермен залы лық толы. Шын мәніндегі екі елдің арасындағы мәдени байланыс, бұрыннан қалыптасқан, біз соны әрі қарай жалғастырып жатырмыз. Қазіргі таңда осы Бішкектегі Қазақстан елшілігінің арқасында, осы жердегі театрлардың, Мәдениет министрлігінің қолдауымен гастроліміз өте жақсы өтеді деген ойдамыз."

Гастрольге 50 актер мен 20 техникалық қызметкер шыққан. "Қыз Жібек" спектаклі кезінде залда ине шаншар орын болмады. Өнер сапарының басты қолдаушысы - еліміздің Мәдениет және ақпарат минитрлігі.

Ернат Рахметолла, Бақыт Чермашев