«Алтын домбыра» сайысының жеңімпазы анықталды

Астанада «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы аяқталды.

Жыр додасын «AMANAT» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған. Дәстүрлі өнер сайысы биыл «Төрлет, еңбек адамы» деп аталды. Өнер бәсекесінде әріптесіміз Мейірбек Сұлтанхан бас жүлдегер атанып, темір тұлпар мінді.

Екі күнге созылған сөз майданында 14 ақын бақ сынады. Олар жыл бойы өткен халықаралық және республикалық  айтыстарда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орын еншілеген айтыскерлер.  Жыр додасының қорытындысы бойынша қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан суырылып шығып, «Алтын домбыра» мен автокөлік иегері атанды. 

Мейірбек Сұлтанхан, "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысының жеңімпазы:

- Мен сол ең алғашқы алтын домбыраның бірінші орнын алып. Бас жүлде ол кезде Сырға, Мұхтар Ниязов ағамызға кетті. Одан кейін дәл солай әр жылдары белгілі бірінші, екінші, үшінші орын болсын сондай жүлделді орындарға жетіп жүріппін. Бірақ осы алтын домбыраға қол жеткізуге араға 13 жыл уақыт кетті. Сондфықтан сезім де ерекше.

Мейірбек Сұлтанхан тек арқалы ақын ғана емес қаламы қарымды журналист. Ол «EL ARNA» арнасындағы «Кімнің есінде?» бағдарламасының авторы және жүргізушісі.

Мейірбек:

- Біздің канал бір сюжет дайындайды, Зер қадірін дегендей зергер біледі. Ел қадірін дегенде ерлер біледі. 80-ге толған кезде Еларнадан, Ойлай бер бір фильмді мен берді деп.

Әріптесіміздің жетістігіне бүкіл Хабар агенттігінің ұжымы қуанды. Бүгін агенттіктің басқарма төрағасы  Кемелбек Ойшыбаев Мейірбекті жеке қабылдап, жеңісімен құттықтады. 

Кемелбек Ойшыбаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:

- Сен айтқансың: Аманшылық болып жатса, Алла қаласа, «Алтын домбыраны» «Хабарға» алып келуге тырысамын, деп. Мен айтып жатырмын. Ер-азамат нағыз. Сөзінде тұрып. Бүгін ендің жақсы қуанышты хабарды естігеннен кейін осы жерге шақырып жатырмыз. Өзіңе өзіміздің атымыздан бір шағын сыйлығымызды сыйлап, алғысымызды айтып, «Хабар» агеғнттігінің абыройын биік ұстап жүргеніңе.

Сондай-ақ Республикалық ақындар айтысында 1-орын ақтөбелік Нұрбол Жауынбаевқа, 2-орын жетісулық Айым Асылбекқызына бұйырды. 3-орынды қарағандылық Дидар Қамиев, павлодарлық Аспанбек Шұғатаев және ұлытаулық  Өміржан Көпбосын өзара бөлісті. Сайысқа түскен барша ақынға сый-сияпат жасалды. 

Аманжол Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Келесі жылы мемлекет басшысы жұмысшылар жылы деп жариялады. Сондықтан айтыстың тақырыбын біз төрлет еңбек адамы деп еңбек адамына арнап отырмыз. Ақындар тілге тиек етіп, ойға арқау етіп қарапайым еңбек адамдарының бейнесін, еңбегін жан-жақты жырлауды мақсат тұтқан болатынбыз.

«Алтын домбра» республикалық айтысы 2012 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты – ұлттық өнерімізді дәріптеп, дәстүрімізді насихаттау.

Серік Селеубайұлы, Нұрғали Мамырбаев