«Қазақ қамшысы» кітабының тұсаукесері өтті

Қазақ әдебиеті тағы бір тың туындымен толықты. Оқырманға жол тартқан жаңа жинақ «Қазақ қамшысы» деп аталады. Көшпенді халықтың тұрмысы мен салтын, мәдениеті мен ғұрпын дәріптеген еңбектің авторы – жазушы-этнограф Болат Бопайұлы. Ол жауһар жәдігер саналатын ұлттық бұйымның киесі мен қасиетін, тарихтағы орнын кітапқа сыйдырған.

Зерттеу еңбегінде қамшының түрлері оның құрылымын топтастырыпты. Елордадағы ұлттық музейде жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Басқосуға тарихшылар мен қалам ұстаған қауым қатысты.

Болат Бопайұлы, жазушы-этнограф:

- Бірінші мыңжылдықтардан қазірге дейінгі жоғалмай, қолдан түспей келген, бүгінгі таңда сувенир деп айтамыз ғой. Сый құрал ретінде қолданылатын, ұлттың рухын сақтайтын жәдігер екендігін осы кітапта таныттық. Осы кітап сол мақсатта жазылды.