ҚазҰУ-де «Беташар дәстүрі – әлемдік құндылық» акциясы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Беташар дәстүрі – әлемдік құндылық» акциясы өтті.

Қазақ және ағылшын тілінде ұйымдастырылған танымдық шараға Қытай, Ауғанстан, Бангладеш және Араб елдерінің жастары қатысты. Шетелдік студенттер салт-дәстүрімізбен танысып, қазақ халқының ұлттық құндылықтары жөнінде мол мағлұмат алды. Естеріңізде болса, өткен аптада қазақтың «Беташар» салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген еді.

Орынтай Ошанова, ЮНЕСКО-ның Журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі:

- Құндылықтарымыздың әлемдік деңгейде бағаланып, насихатталуы біз үшін бақыт деп ойлаймыз. Сондықтан біздің жастар осы дәстүрді одан әрі жалғастырып, өзіміздің ұлттық табиғатымызды танытуға және де жақсы жағынан насихаттауға үн қосып жатыр.