Алматыда Жазушылар одағының 90 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтіп жатыр. LIVE

Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық торқалы мерейтойына орай салтанатты іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Мерейтойға Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Карин, Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева, халық жазушылары мен қаламгер қауым қатысуда. Басқосуда қазақ әдебиетінің тарихы сараланып, жеткен жетістіктері мен алдағы бағыт-бағдары айқындалды.

Алмас Садуақас, тілші:

- Жиында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, қаламгерлерді құттықтады. Өз сөзінде Ерлан Тынымбайұлы Қазақтың рухани кеңістігінде Жазушылар одағы ұлтты ұйыстырып, әдебиеті дамытып, жас қаламгерлерді тәрбиелейтін іргелі рухани орда болып қала беретінін атап өтті.