Жазушылар одағының 90 жылдығы: Алматыда кітап көрмесі ұйымдастырылды

Жазушылар одағының 90 жылдығы: Алматыда кітап көрмесі ұйымдастырылды

Биыл елде мемлекеттік тапсырыспен 170 кітап жарыққа шықты, деп хабарлайды 24KZ. Соның ішінде ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақ қаламгерлерінің зерттеу еңбектері де бар. Ол туындылардың бір парасы бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылары одағының 90 жылдығына арналған салтанатты жиында көпшілік қауымға көрсетілді.

Сондай-ақ Ұлттық кітапхана ұйымдастырған көрмеге ақын Несіпбек Айтұлы,  Алдан Смайыл, Герольд Бельгер, Әкім Тарази сынды белгілі қаламгерлердің шығармалары қойылды. Сонымен қатар биыл балалар әдебиеті жанры бойынша ондаған жас жазушының туындысы кітапқа енді.

Қанат Алтынбек, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері:

- 16 мемлекетке сапарлап барды. Ол жақтың архивіндегі кітапханасындағы осыдан 100-150 жыл бұрын шыққан көне материалдарды қазіргі қазақ тіліне аударып алып келді. Ол жерде кезінде қазақ зиялы қауым өкілдерінің зерттеу жұмыстары шығып, сол мемллекетте қалып қойған мұралары. Мысылы, 1920-30 жылы, яғни біздің қазақ зиялыларының мұралары Тбилисиде, Ташкентте, Санкт-Петербургте қалып қойған болатын.