Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ойшыл, ғұлама, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды. Биіктігі 8 метрге жуықтайтын еңселі мүсін қаланың орталық көшесінен бой көтерді. «Бұл композициялық туындыны жасау оңай болмады», – дейді авторлар. Сондықтан Алматы, Семей, Павлодар қаласынан бір емес, бірнеше маман жұмыс істеген.
Шәкәрім Құдайбердіұлының ескертікіші ақын атындағы даңғыл бойына қойылды. Салтанаттты сәтке зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері, тұрғындар жиналды. Соңынан ұмытылмас мұра қалдырған ойшылдың еңбегі әлі талай ұрпақты тәрбиелері сөзсіз. Сондықтан ескерткіш – бүкіл түркі әлеміне танымал тұлғаға деген құрмет. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жиын барысында Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, ыстық ықыласын жеткізді.
Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:
- «Қазақ руханиятының алтын бесігі Семей төріндегі Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішінің ашылуымен құттықтаймын. Көрнекті ақынның ақ жүрек, таза ақыл, адал еңбек сияқты асыл қасиеттері, кеңінен дәріптеген теңдесіз мұрасы әлі талай ұрпаққа өнеге болатыны сөзсіз. Сәулет өнерінің туындысы ел игілігіне айналсын». Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шәкәрім Құдайбердіұлының бейнесін ашу оңайға соқпапты. Туынды авторы, белгілі суретші Нұрбол Қалиев 8 метрге жуықтайтын ескерткіш арқылы ақынның ойшыл күйін әсерлі жеткізуге тырысқан.
Нұрбол Қалиев, мүсінші:
- 1,5 жыл еңбек еттік. Осы мүсіннің эскизін жасадық. Қалай болатынын ойландық, облыстық комиссиядан өткіздік, одан Астанадағы мемлекеттік комиссия дейді, содан өткіздік. Сөйтіп, бүгін тұғырына қойылып, бүгінгі сәтті күні ашылған ескерткіш.
Мереке қарсаңындағы шаралар бұнымен бітпеді. Бірнеше тұлғаға «Абай облысының Құрметті азаматы» атағы табысталды. Олардың ішінде халық әртісі Роза Рымбаева да бар. Әнші туған өлкесі көрсеткен қошеметке ерекше ризашылығын білдірді.
Авторлары: Эльмира Ахметова, Медет Өмірханов.