Астанада республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды
«Алтын Орда атасы – Жошы хан». Астанада осындай атаумен республикалық жазба ақындардың жыр мүшайрасы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Жыр бәйгесіне 90-нан астам ақын қатысқан.
Олар «Алтын Орда» атауымен танылған қуатты мемлекет Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толуына орай өлең-жырларын арнады. Елдік, өрлік, бірлік тақырыбындағы шығармалар жарысында топ жарған 11 ақын түрлі марапатқа ие болды. Оларға ақшалай сыйлық пен сертификаттар табысталды.
Ғалым Жайлыбаев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- Өлең – қай уақытта да әдебиеттің ең алдында тұратын жанр. Оның үстіне біздің ақындарымыздың шығатын мінбері, трибунасы. Сондықтан бүгінгі бәйге алатын ақындарды құттықтаймын. Осындай іс-шараларды біздің басқа партиялар да, басқа бірлестіктер де көбірек жасай берсе деп ойлаймын.