Euronews арнасының қызметкерлері қазақстандық студенттерге білім береді

Euronews телеарнасының қызметкерлері қазақстандық студенттерге білім береді.

Бүгін бас қалада Euronews Astana Ltd, Медиа дамыту қоры және отандық үш университететтің өкілдері меморандумға қол қойды. Тараптар  болашақ тілшілерге шеберлік сағаттарын өткізіп, өзара тәжірибе алмасуға ниетті. Әзірше бұл мүмкіндікті Мақсұт Нәрікбаев университеті, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Astana IT университетінде білім алатын жастар пайдалана алады. Алда келісімнің көлемі артып, ауқымы ұлғаяды.  Euronews Astana Ltd өзге де оқу орындарымен ынтымақтастық жасауға ниетті.

Боян Бркич, Қазақстандағы Euronews бюросының басшысы:

- «Бүгін Euronews  Қазақстандағы білім беру бастамасын дамыту жолындағы алғашқы қадамын жасалды. Осы уақытқа дейін отандық университеттер болашақ медиа мамандарын даярлауда үлкен жұмыс атқарды, және біз де  өзіміздің 30 жылдық тәжірибеміз бен халықаралық деңгейдегі бағдарламаларымызбен толықтыруды мақсат етіп отырмыз. Алдағы уақытта біздің үздік тренерлеріміз шынайы өмірлік тәжірибелерімен, жылдап жинаған кәсібилік білімдерімен бөліседІ.

Айгүл Жамалова, Maqsut Narikbayev University халықаралық журналистика мектебінің деканы:

- Біздің университет, Мақсұт Нәрікбаев университеті ерекше мәртебеге ие болып отыр. Ол Хост универистеті деп аталады, яғни қабылдаушы университет. Бүкіл тренингтер біздің университетіміздің қабырғасында өтетін болады. Бірінші жыл барысында 4 тренинг жоспарланып жатыр. Олардың біріуі іскерлік журналистерге бағытталса, қалған үшеуі студенттерге арналған.