Павлодар облысының музейлері «Бабалар мұрасы» атты көрме ұйымдастырып жатыр. Басты мақсат жұртшылыққа ұлттың, ұлы тұлғаларының өмірі мен мол мұрасын таныстыру. Алғашқы көшпелі шара тарихшы, философ, ақын-жазушы Мәшһүр-Жүсіп Көпеевке арналды. Көрмеге құнды жәдігерлер мен латын қарпінде жазылған қолжазбалар қойылды. Бұл заттарды музей қорына, ұлы тұлғаның ұрпақтары тапсырған. Мамандардың айтуынша, ең бағалы экспонаттардың бірі- Мәшһүр Жүсіптің оқулық салуға арналған қоржыны мен, құран кітабы. Жәдігерлердің барлығы түпнұсқа күйінде сақталған. Әсет Пазылов Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шөбересі: - Мәшһүр-Жүсіпті те ғана ғалым, жазушы ретінде танып отырмыз. Ал әулиелігі тыс қалып тұр. Сондықтан да атамыздың қолы тигізген заттары арқылы біз бүгінгі таңда Мәшһүр-Жүсіптің ғұмырнамасы мен әулиелігін таныстыра аламыз.