Көрермендер пікірі қандай екенін білдік. - Менің екі балам бар. Қазақша мультфильмдер көреміз. «Балапан» әрқашан қосылып тұрады. Бірақ «Балапандағы» барлық мультфильмдер қазақ тілінде тұрады ғой, оларда аударылған. - Қазақша мульфильмдерді әлі көрген жоқпын. Соңғы көргенім – «Көліктер-2» мультфильмі. Қазақ тіліне аударылған болды. - Мен көргендердің ішінде «Көліктер-2» мультфильмі бар. Басқа білмеймін. - Қазіргі балалар орысша көреді, қазақша мультфильмдерден «Ер Төстік», «Қалқанқұлақ» бар ма, білмеймін. Әрине, қазақша толық мазмұнын сақтап, аудара алмайды. Кейбір сөздері түсініксіз. - Қазақ тілінде мультфильмдерді балаларыма көрсетуге тырысамын. Себебі мен олардың тілінің қазақша шыққаннын қалаймын. Қазақша тілі шыққан бала қазақша ойлайды. Оған қатты көңіл бөлемін. Ата-әжесі де соған көңіл бөледі.