389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алғабас ықшам ауданында жаңа үй салынады

  • 892

Алғабас ықшам ауданындағы қисайған үйдің тұрғындары үшін жаңа көпқабатты үй салынады.

Алатау ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта үй салу үшін Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысындағы жер қоршалып, құрылысқа дайын тұр. Тиісті құжаттар мақұлданған соң құрылыс компаниясы үй салуға кіріседі. Дайын пәтерлер тұрғындарға желтоқсан айында тапсырылады деп жоспарланған. Үйдің құрылысы тиісті мекемелердің мұқият назарында болмақ. Естеріңізге сала кетейік, екі жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен салынған 9 қабатты үй қисайып, тұрғындар апатты үйден көшірілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы