389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы дәрігерлері ағылшын тілін меңгеруде

  • 1024

Алматы дәрігерлері ағылшын тілін меңгере бастады.

Бұл шара алдағы жылы Алматыда өтетін бүкіләлемдік Универсиада ойындарына дайындық аясында өтіп жатыр. Халықаралық жарыста шаһарға әлемнің көптеген елінен спортшылар мен қонақтар келеді. «Қажет кезде меймандарға медициналық көмекті сапалы көрсетуіміз керек», - дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Дәрігерлерге тіл үйрету дәрісін алғаш болып қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі бастап отыр. Мұнда қаланың әр ауруханасы мен медициналық ұйымдарының өкілдері бар.

Айдана Сүйіндікова, семинарға қатысушы:

- Әрине қызық. Тек қана Универсиадаға ғана емес жалпы болашақта да өзіңнің мамандығыңды жетік меңгеру үшін де әртүрлі материалдар, конференциялар болады. Соларға белсенді түрде қатысуға тырысамыз.

Медициналық ағылшын тілі дәрісі әзірге осы білім шаңырағында ғана өткізіліп жатыр. Оған қатысу үшін қатаң байқаудан өту шарт. Мысалы, жартыжылдық тіл меңгеру дәрісене қатысу өтінішін білдірген 100 адамның тек 40-ғы ғана тілді тегін меңгеруге мүмкіндік алды.

Гүлнәр Тоқмырза, «ҚДСЖМ» Қазақстан медициналық университетінің ректоры:

- Біз қаладағы барлық емдеу мекемелерінің мамандарын дәріске тартуға тырыстық. Іріктеу талабы сондай. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы аясында қолға алынған.

Осында ағылшын тілін терең меңгеріп, білімін арттырған мамандар жыл соңыныда емтихан тапсырады. Ал келесі жылдың қаңтарында Алматыда қысқы спорт түрлерінен Универсиада басталмақ. Оған әлемнің 64 елінен 2 мыңға таяу спортшы қатысады. Сонда отандық дәрігерлер де ағылшынша еркін сөйлесіп, қажетті көмек көрсетпек.

Авторлары: Алмас Сәдуақас, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы