Қазыналы мекен. Фосфорит өндіретін кәсіпорын

Қаратау тау-кен өндеу кешені – ілгері өндіріс ошағының бірі. Сарысу ауданында орналасқан комбинат фосфорит кенін қазып алу, өндіруді жолға қойған. Бұл тұрғыда кәсіпорынның бай тәжірибесі бар.

 

Өткен ғасырдың 30-жылдарында бұл өңірде кең көлемде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 48 фосфорит кен орны ашылды. Бағдарламаның түсірілім тобы Жамбыл облысының Жаңатас қаласына барып қайтты.