Абайлаңыз, импорт! Былғары бұйымды таңдағанда нені ескеру қажет?

groovebase.tumblr.com

Б.д.д. бірінші мыңжылдықтың өзінде адамдар былғарыны бағалай білген. Ат үстіндегі адамға киім тігуде одан артық берік, тозбайтын мата болмады. Содан бері қаншама уақыт өтсе де былғары бұйымдарға деген сұраныс кеміген жоқ. Бүгінде жұмсақ әрі табиғи былғарыдан ат әбзелдерінен бөлек тұрмыстың барлық салаларына қажет заттар мен киім-кешектер жасалады. Өкінішке орай нарықта қазір бұл өнімнің жасанды түрлерін де кездестіреміз. Сондықтан оны таңдарда мұқият болғаныңыз абзал. Таза былғарыны қалай анықтаймыз? Бүгінде еліміздің жеңіл өнеркәсібі халықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр ма? Ендеше осы шығарылымды көріп, мамандар кеңесіне құлақ түріңіз.