Ақылды қала. Еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені пайдалануға берілді

Алматыда Орталық Азия елдерінде теңдесі жоқ алып жылыжай өз жұмысын бастады. 12 гектар аумақты алып жатқан ол бір орталықтан басқарылады. Жұмыстың дені адам көмегінсіз атқарылады. Тіпті онда жаңбырдың суы да далаға кетпейді. Шатырлары компьютер арқылы ашылады. Жылыжайдағы автоматтандырылған құрылғылар өсімдіктің тұқымын егуден бастап, өсіп-өнуіне дейін араласады. Көкөніс өсіретін бұл орын соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. Онда жылына 3 мың тонна қызанақ, 4 мың тонна қияр алуға мүмкіндік бар. Автоматтандырылған жүйе қалай жұмыс істейді?