Бес реформа белестері. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру

Ұлт жоспарының бірінші бағыты кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Бұл салаға серпін беретін жаңа кезең болмақ. Былтыр тиісті заң қабылданды. Сол құжатта мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың тетіктері нақтыланды. Себебі бұл үнемі дамып келе жатқан саланың бірі. Әсіресе түрлі экономикалық-әлеуметтік бағдарламалар басталған уақытта мамандардың білімі мен біліктілігін жетілдіру аса маңызды жұмыс. Біз бүгін осы тақырыпты талдаймыз.