Қалаулы кәсіп. Машинист

Бүгінгі бағдарлама кейіпкері күніне 100 вагон, яғни 6 мың тонна өнім тасиды. Бала күнінде пойыз машинисі болсам деген арман жетегінде 9-сыныпты бітірген соң Астанадағы теміржол колледжіне оқуға түсті. Машинист көмекшісі мамандығын алып шыққан ол 3 жыл осы салада жұмыс істеді. Ал 2 жылдан соң біліктілігін арттырып, машинист болуды үйренді. «Бұл жерде ешқандай қателікке бой алдыруға болмайды. Өте мықты психологиялық төзімділік қажет. Кішкене қателік үлкен мәселені туындатады», – дейді ол. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда таныстырамыз.