412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы ойын-сауық кешенінде Универсиаданың ресми тикет-офисі ашылды

  • 1399
Алматыдағы ойын-сауық кешенінде Универсиаданың ресми тикет-офисі ашылды

Алматыдағы «Мега-Alma-Ata» ойын-сауық кешенінде 2017 жылы өтетін 28-ші қысқы Универсиаданың ресми тикет-офисі ашылды.

Салтанатты шараға Универсиада елшілері мен әйгілі спортшылар және танымал өнер жұлдыздары қатысты. Тикет-офистің ерекшелігі, мұнда тұрмысы төмен азаматтарға билеттер сатылады. Яғни, ардагерлер мен мүгедектер және студенттер жеңілдетілген бағамен билет алады. Сондай-ақ билеттерді ауыстыруға, қайта өткізуге және сатып алғаныңыз жөнінде есеп қағазын алуға, ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруға болады. Қазір Универсиаданың барлық сайыстарына билет сатылып жатыр. Кейбір спорт түрлері бойынша жартылай финалдық және ақтық айналым билеттері де саудаға шығарылды.

Мұрат Мұтырғанов, Универсиада елшісі:

 

- Менің байқағаным билет алушылар көп. Мен де алғашқылардың бірі болып шайбалы хоккейге билет алдым. Енді 10 желтоқсаннан бастап барлық спорт түрлеріне билеттер сатыла бастайды. Қолымда Универсиаданың күнтізбесі де бар. Сондықтан өзіңізге ұнаған спорт түріне билет алғыңыз келсе Мегаға келіңіз.

Хабар 24 телеарнасы