386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып, шаруалармен кездесті

  • 560
  • UPD: 07:59, 05.01.2017

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып, шаруалармен жүздесті.

Мұнда олар аграрлық салаға қатысты қабылданған заң нормаларының жергілікті жерде қалай жүзеге асып жатқанымен танысты. Айта кету керек, өткен жылы Парламент «100 нақты қадам ұлт жоспары» шеңберінде 52 заң жобасын бекітті. Солардың кем тұсы болса қайта қарап, толықтыру да - сапардың бір мақсаты. Сондай-ақ, депутаттар агроөнеркәсіп саласын дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын талқыға салды. Мал шаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті өнім шығару - басты назарда. Бұл ретте ұсақ шаруашылықтарды кооперативке біріктірудің маңызы зор.

Сапархан Омаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Барлығымыз түсініп отырмыз бір жерге бірігу керек, біріккен кезде жаңа агротехнологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Банктердің ауылдағы осы шаруашылықтарға деген сенімі көбейеді. Өнімді сату мәселесі де көп сұрақтар тудырады, сату үшін қоймалар керек, көлік игерсек, соның бәрі бірігіп бір жерден шешілетін болса, бұл шығарылатын өнімнің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

Иван Вечтейн, шаруашылық директоры:

- Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттің қолдауын анық сезініп отырмыз. Сондықтан алдағы уақытта субсидиялау жалғасу керек. Біз көршілерімізбен, мәселен Белорусьпен де бәсекеге түсе алмаймыз. Өйткені табиғат жағдайымыз басқаша, әсіресе, мал шаруашылығында біздің бәсекеге қабілетіміз төмен.

Хабар 24 телеарнасы