Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО өнімдері Қытай нарығына шығарылмақ

  • 536
  • UPD: 08:17, 06.01.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін отандық тауарлар Қытай нарығына шығарылмақ.

Осы мақсатта жергілікті әкімдік Үрімші қаласынан сауда үйін ашуды жоспарлап отыр. Қазір екіжақты келісім жүргізіліп жатыр. Ал, оған дейін кәсіпкерлер көктемде Бейжіңде өтетін үлкен жәрмеңкеге қатысады. Жергілікті тауар өндірушілер оған 800 тоннаға жуық ұн мен түрлі балық өнімдерін апарады. Оған қоса Шымкентте тоқылған кілемдер де шетел нарығына жол тартады. Өйткені химиялық қоспаға қарағанда табиғи таза өнімге деген сұраныс басым. Бейжіңдегі ең ірі сауда жәрмеңкесі 1 айға созылады. «Соған қатысу арқылы кәсіпкерлерге сауда көкжиегін кеңейтуге көптеген мүмкіндік ашылады», - дейді Кәсіпкерлер палатасының өкілдері.

Тимур Нақыпбеков, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Бұл қазір жоба күйінде әзірленіп жатыр. Екіжақты келіссөздер жүріп жатыр. Қытайлық компаниялармен келіссөздер жүріп жатыр. Мұндай тұрғыдағы сауда үйі ашылатын болса, онда біздің тауар өндірушілер тұрақты түрде сауда жасауға мүмкіншілік алады.       

Хабар 24 телеарнасы