383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Қазақстанда 30-дан астам елді мекенге ауыз су тартылады

  • 898
  • UPD: 16:54, 06.01.2017

Биыл Шығыс Қазақстан облысының 30-дан астам елді мекеніне сапалы ауыз су жүйесі тартылады.

Республикалық бюджеттен осы мақсатқа 8 миллиард теңгеден артық қаражат бөлініп отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз бен Жарма аудандарының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Бүгінде облыстағы ауылдардың тек 41 пайызы ғана ауыз сумен қамтылған. Мұнан өзге мектеп салу, жол жөндеу және электр жарығын тарту сияқты күрделі жұмыстар атқарылады. Жобалардың барлығы «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту» сияқты бағдарламалар аясында жүзеге асады.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Аягөз ауданы бойынша 8 үлкен жоба қазіргі кезде қаржыландырады. Ол Аягөз қаласында 2 жаңа орта мектеп салынады. Кәріз жүйесі жөнделеді. Сонымен бірге ауыз су мәселесі қала бойынша толық жөнделеді. Көшелердің бәрін жөндеуге қаражат бөлінді. Сонымен қатар аудан бойынша 3 ауылдық елді мекенге су құбыры тартылып, халықтың игілігіне жаратылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы