378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулық жас кәсіпкер халықаралық грант иегері атанды

  • 936
  • UPD: 17:48, 06.01.2017

Тағдырдың жазуымен мүгедек арбасына таңылған жетісулық жас кәсіпкер халықаралық грант иегері атанды.

Жапонияның Қазақстандағы елшілігі арқылы ақысыз көмек әлеуметтік жобасына қатысқан Елдостың айы оңынан туды. Жақында күншығыс еліне жіберген құны 25 млн теңге болатын жобасының мақұлданғаны туралы қуанышты хабар жетті. Тағдырдың соқпақты жолында қиындықпен бетпе-бет келіп, түрлі ауыртпалықтарды еңсере білген жас кәсіпкер өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі көмек қолын созады. Талдықорғаннан мүгедектерге арналған дене шынықтыру орталығын құрып, суы дертке дауа, жанға шипа болған Алакөлдің жағасынан пансионат ашқан ол тынбай еңбектеніп келеді. Кәсіпкер ұтып алған халықаралық грантына облыс орталығынан мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен сауықтыруға арналған кешен ашқысы келетінін айтты.

Елдос Баялышбаев, «Асар» спорттық оңалту орталығының төрағасы:

- Спортпен сауықтыру кешені болады ол үлкен. Жатақханасымен бірге, спорт залымен бірге, құдай қаласа, бассейнімен бірге іске қосқым келеді. Өйткені бассейнде жүріп үйренуге өте ыңғайлы.

Хабар 24 телеарнасы