386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутат қостанайлық спортшылармен кездесті

  • 453
  • UPD: 22:22, 07.01.2017

Қостанайда Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева аймақтағы спорт саласының жетекші мамандарымен кездесу өткізді.

Жүздесуде спортты дамытуға қатысты Парламентте әзірленіп жатқан Заң жобасы туралы сөз болды. Қазір бұл мәселе бүкіл еліміздегі бапкерлер мен спорт федерациялары жетекшілері арасында қызу талқыланып жатыр. Жобаның мақсаты спорттың қай түрін қалай жетілдіруге болатынын және олимпиадалық резервті қамқорлыққа алу мәселесін талқылау. 2 ақпан күні Парламентте жұмыс тобының отырысы өтеді.

Наталья Жұмаділдаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз мұндай кездесулерден құнды ұсыныстар күтеміз. Осындай басқосуда айтылған пікірлер келешекте спорттың дамуына іс жүзінде үлкен үлес қосатын заң қабылдауға мүмкіндік береді деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы