386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жаңа әлеуметтік нысандар көбейді

  • 507
  • UPD: 12:30, 08.01.2017

Сыр өңіріндегі Сүттіқұдық ауылының тұрғындары сапалы медициналық қызметке қол жеткізді.

Елді мекенде жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жаңақорған ауданындағы жаңа жылдық тарту бұл ғана емес. Биыл аудан орталығында жаңа шағын аудан бой көтереді. Сүттіқұдық тұрғындарының көпжылдық арманы орындалды. Бұған дейін ауыл дәрігерлері ескі ғимаратта тығылысып отыратын. Енді мұның бәрі келмеске кетті. Уақыт талабына сай жаңа амбулатория емделушілерді емін-еркін қабылдай алады.

Әлімбай Айдарбекұлы, Сүттіқұдық ауылының тұрғыны:

- Шамалы науқастанып, тұмауратсақ та аудан орталығына 30 км жерге шабатын едік. Әсіресе жас балаларға қиын соғатын еді. Біздің ауылдық округте 3 мыңға жуық халық тұрады.

Бұдан былай ауылдықтар сапалы медициналық көмек алу үшін аудан орталығына сабылмайды. Емдеу орнына қажетті құрылғылар да толық жаңаланған.

Динара Сейдіметова, дәрігерлек амбулаторияның бас дәрігері:

- Бұның ішінде дәрігерлік қабылдау бөлмесі, дәрігерге дейінгі бөлме, түрлі егулерді жүргізу бөлмесі, физкабинеттер және күндізгі емдеу бөлімі ашылып жатыр.

Жаңақорғандағы жаңалықтың тағы бірі жаңа тұрғын үйлердің іргетасы қаланды. Бұл - аудан орталығында бой көтеретін «Саяжай» ықшам ауданының бастамасы.

Ғалым Әміреев, Жаңақорған ауданының әкімі:

- Осы бастап жатқан бірінші пилоттық үй ғой, пилоттық үйді салуға жоба жасап жатқан кезде біз зерттеп көріп, бұдан үлкен көлемде құрылыс жасауға мүмкіндік бар екенін түсіндік те, сол үлкен мөлтек аудан салатын болып, сондай шешім қабылдадық.

Бұл жерде жыл соңына дейін 466 пәтерлі 16 көпқабатты үй тұрғызылады деп жоспарланып отыр. Жаңа пәтерлер үй кезегінде тұрғандар мен жер қойнауын игеруші компаниялардың өкілдеріне қолжетімді шарттармен берілетін болады.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтманбетов.

Хабар 24 телеарнасы