389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбенің төтенше жағдай қызметіне жаңа көлік берілді

  • 611
  • UPD: 10:00, 10.01.2017

Ақтөбенің жедел-құтқару жасағына әмбебап көлік берілді. Жол таңдамайтын техника алыс жолда тұрып қалған көліктерге сұйытылған газ жеткізуге арналған.

Қытайда жасалған, құны 22 млн теңге тұратын машина әзірге тек Ақтөбеде бар. Газ тасымалдайтын цистернасының сыйымдылығы 16 текше метрге жуық. Бұл сұйытылған газбен жүретін ондаған жеңіл көлікке молынан жетеді деген сөз. Одан бөлек, шалғайда құтқару жұмыстарын жүргізуге аттанған арнайы техникаларға да газ тасымалдайды. Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел құтқару жасағында 26 техника бар. 71 құтқарушы күндіз-түні сақадай сай отыр. Биылғы қыс басталғалы айтарлықтай қиындықтар бола қоймаған. Облыста 119 стационарлы және 7 жылжымалы жылыту қосыны жолда қалған жолаушыларды қабылдауға дайын тұр.

Қылышбек Жолмырзаев, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының қызметкері:

- Аудандарда сұйытылған газ құю станциялары жоқтың қасы. Қыста жолда қалсаң газ табу қиын. Бұл әмбебап көлік кез-келген жолмен жүріп, алыс ауыдарға сұйытылған газ жеткізе алады. Біздің құтқарушылардың барлық техникасы газбен жүреді. Сондықтан өз көліктерімізге және газы таусылып, жолда қалған өзге көліктерге көмек береміз.

Хабар 24 телеарнасы