386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 27 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр

  • 458
  • UPD: 11:03, 10.01.2017

Ел игілігі үшін қажет нысандарды тұрғызуға түрлі қаржы көзінен 27 млрд теңге бөлінген.

Биыл бірнеше мектептің құрылысы басталады. 2020 жылға дейін өңірде үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер жойылады. Мәжіліс депутаты Владимир Божкомен кездескен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері іске асып жатқан әлеуметтік жобалар туралы айтты. Оның ішінде халықтың ауызбірлігін нығайту, ұлтаралық татулықты насихаттау мақсатында атқарылған қыруар шаруаға тоқталды. Облыста 93 ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. «Достық үйінде» 18 этномәдени бірлестік жұмыс істеп тұр. Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған Владимир Божко сайлаушыларының ой-пікірлерін тыңдап, талап-тілегін түртіп алды.

Владимир Божко, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Басты мақсат – барлық этномәдени бірлестік мүшелеріне Ассамблея атынан сайланған 9 депутаттың атқарып жатқан жұмысы туралы айту. Елбасы тапсырған маңызды міндеттердің орындалу барысымен таныстыру. Ассамблеяның алға қойған мақсаты зор. Бұл ұлтаралық татулықты, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосып, жұмыла жұмыс істеу. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясың іске асыруға атсалысу.

Хабар 24 телеарнасы