387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Қостанайдағы ғылыми орталықтарды аралады

  • 490
  • UPD: 12:09, 10.01.2017

Мәжіліс депутаттары Қостанайдағы инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында болып, ғалымдардың жұмысымен де танысты.

Мемлекеттік университетке қарайтын бұл орталықта 4 зерттеу бөлімі жұмыс істейді. Олар соңғы екі жылда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы құны 380 млн теңге тұратын заманауи инновациялық жабдықтарға қол жеткізді. Ғылыми орталық қазір аккредитациядан өтуге әзірлік үстінде. Мұнда жас мамандарға шетелдің оқу орындарында білімін жетілдіріп, ғылыммен айналысуына бар мүмкіндік жасалған. Бүгінде бір ғана молекулалы-генетикалық бөлімінің өзі 70 млн теңгенің грантын жеңіп алып, 14 жоба бойынша жұмыс істеп жатыр

Индира Бейішова, ҚМУ Ғылыми орталықтың бөлім меңгеруші:

- Осы қаржылардың аясында біздің ауылшаруашылық малдарының шаруашылыққа пайдалы қасиеттерін анықтайтын гендік маркерлерді құрастыру, сонымен қатар астық дақылдарында кездесетін әртүрлі потогендік саңырауқұлақтарды диагностикалауға арналған отандық препараттарды жасау, сонымен қатар гормональді азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау үшін ғылыми жобалар жасап жатырмыз.

Ирина Аронова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жоғары оқу орындарын инновациялық жабдықтармен қамтудағы мақсат – ғылымды өндіріспен ұштастыру, осы арқылы сапалы өнім шығаратын елдермен бәсекеге түсу. Қазірдің өзінде ғылыми орталықтар белгілі бір нәтижеге жете бастады. Мұнда оқитын студенттер Индустрияландыру бағдарламасымен салынған кәсіпорындармен келісім жасасып жатыр, зертхана үйренгенін ертең өндірісте пайдаланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы