384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы Ұлттық ұлан сарбаздары ант қабылдады

  • 1172
  • UPD: 17:07, 10.01.2017

Еліміздің әр аймағынан келген азаматтар Отан алдындағы борышын адал атқаруға серт етті.

Ал 66/36 әскери бөлімінің командирлері жас сарбаздарға зор жауапкершілік жүктелгенін айтып, мемлекет қауіпсіздігін қырағы күзетуді тапсырды.

Айта кеткен жөн, салтанатты рәсімге ант қабылдаушылардың туған-туыстары мен аға буын ардагерлер де қатысты. Олар Ұлттық ұланның 25 жылдығымен құттықтап, күштік құрылымның ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлесін атап өтті.

Нұрбол Қожаханов, әскери қызметкер:

- Әскери ант қабылдағаныма қуаныштымын. Енді өз міндетімді адал атқаруға тырысамын. Жалпы кез-келген қазақстандық Отан алдындағы борышын өтеу қажет деп есептеймін. Себебі Отанды қорғау – қасиетті ұғым.

Аян Есжанов, ҚР Ұлттық ұланы 66/36 әскери бөлімінің командирі:

- Бүгін бізге 25 жыл толып жатыр. Біздің сарбаздар өздері жас болса да, өздерінің міндетін орындауға дайын тұр. Біз ант береміз, халықтың берген сенімін атқарамыз.

Хабар 24 телеарнасы