386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

  • 511
  • UPD: 21:14, 12.01.2017

Өскемендегі Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің ескі бөлігінің опырылуына мердігердің салғырттығы себеп.

Бұны тексеру жүргізген облыстық прокуратура өкілдері анықтап отыр. Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға өткен жылдың 24 қараша айында болған еді. Белгілі болғанындай, жөндеу жұмыстары кезінде инженерлік құрылғының тіреуі дұрыс орнатылмаған. Тіпті мекеме мамандарының жоғары қауіптілік деңгейіндегі жұмыстарды жүзеге асыруға арнайы рұқсаты да болмаған. Жұмысшылар қорғаныс белдіктері мен сақтандыру арқансыз жұмыс істеуге мәжбүр болыпты. Салдарынан бір адам зардап шегіп, тағы үшеуі жеңіл жарақат алды. Бүгінде көпір құрылысына жауапты мекеме басшылығының кінәсі толық дәлелденіп, 150 және 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Қаныш Матаев, ШҚО прокуратурасы басқармасының прокуроры:

- Болған оқиғаны толық жұмыс берушінің кінәсі деп таныдық. Прокурорлық тексеріс бойынша өкілетті органға заң бұзушылық туралы ұсыныс енгізілді. Жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Хабар 24 телеарнасы