386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ҰҚК «А» арнаулы мақсаттағы қызметіне 25 жыл

  • 1161
  • UPD: 10:46, 14.01.2017

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы бөлімшесі - «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің құрылғанына 25 жыл.

Бүгінде осы арнаулы бөлім терроризмге қарсы күресте ең тәжірибелі күштік құрылым болып табылады. Мерейлі күнге орай бүгін Астанада мерекелік кеш өтті. Шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов қатысып, арнаулы қызметтің бірқатар батырын арнайы марапаттады. Сондай-ақ, қызмет бабында көз жұмған әріптестерін бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Кәрім Мәсімов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

- Бүгінге дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы мақсаттағы қызметі қандай қауіп-қатерден де еш тайсалған емес. Сондықтан да оларды бүгінгі күннің батырлары десек, еш қателеспейміз. Арнаулы қызметтің жігіттері ел-жері мен халық үшін басын бәйгеге тігіп, қызмет етеді. Оларға қойылар талап та зор.

Хабар 24 телеарнасы