384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл қаласының тұрғындары қытымыр қыста Есіл өзеніне шомылуды әдетке айналдырған

  • 516
  • UPD: 11:07, 14.01.2017

Петропавл қаласының тұрғындары қытымыр қыста Есіл өзеніне шомылуды әдетке айналдырған.

Салауатты өмір салтын серік еткендер демалыс күндері суық суға сүңгіп, дене шынықтырады. Бұл олардың денсаулығына оң әсер етіп, дертіне шипа болмақ. Шешінген судан тайынбас. Бұл адамдар суық судан сескенбейді. Қытымыр қыстың әр сенбі, жексенбісінде Есіл өзенінің жағасына жиналып, ойыққа түседі. Алексей Зотов суық суға бірінші рет түсіп, салауатты өмір салтына бет бұрды. Оны қолдауға жан жары мен баласы да келді.

Алексей Зотов, қала тұрғыны:

- Темекі мен ішімдікті тастап, денсаулығыма көңіл бөле бастадым. Бойым сергіп қалды. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Оны сезіну керек.

Қысқы шомылу денсаулыққа пайдалы. Бұл адамдар ауырмайды, әрі өздерін сергек сезінеді. Олардың айтуынша, суық су адамның жан дүниесін тазартып, күш-жігер береді.

Александр Анисимов, қала тұрғыны:

- Өз-өзіңді жеңіп, суық суға сіңгуің керек. Сосын денең үйреніп кетеді. Қазір киінгім де келмейді.

Суық суға сүңгушілер кез-келген ауа-райында шомылады. Кей күндері Есіл өзеніне 70 адамға дейін жиналады екен. Қазір Есіл өзенінің жағасында 6 градус. Бұл суық суға түсетіндер үшін шіліңгір шілденің ыстығымен тең.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура Петропавл.

Хабар 24 телеарнасы