389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада оқушылар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтуде

  • 799
  • UPD: 17:38, 14.01.2017

Елордадағы «Нұрорда» мектеп-лицейінде оқушылар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтіп жатыр.

Еліміздің әр аумағындағы «Білім-инновация» лицейлерінен келген 26 команда екі күнге созылатын доп додасында жеңімпазды анықтайды. 7-8-сыныптың оқушылары осыған дейін өз облыстарында іріктеу сындарынан өтті. Оған ұзынсаны 450 талапкер қатысып, үздік шыққан 270-і қазір финалдық кездесулерде бақ сынасып жатыр. Жарыстың ашылу салтанатында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өнерлі өрендерге сәттілік тіледі.

Нұрбол Төлебаев, «Білім-инновация» қоғамдық қорының вице-президенті:

- Бұл турнир биыл қатарынан 4-рет өткізіліп келе жатыр. Айналмалы кубокты ең бірінші жылы Ақтөбе командасы алып кетсе, былтыр Астана мен Алматы ұлдар командасы жеңді. Биыл жеңімпаз атанаған команданы біз Еуропада өтетін халықаралық оқушылар жарысына жіберуді жөн санап отырмыз. 

Хабар 24 телеарнасы