389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандықтарға қол ұшын созбақ

  • 601
  • UPD: 23:35, 16.01.2017

Алматы тұрғындары да Бішкек маңында апатқа ұшыраған Boeing 747 ұшағынан зардап шеккендерге қол ұшын беруге әзір.

«Мен Алматылықпын» атты қоғамдық бірлестік құрылып, жастар қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде ізгілік көмегін ұйымдастырып жатыр. Бүгін және ертең күні бойы қала мен облыстың бұл қайғыға ортақтасқысы келетін әрбір тұрғыны зардап шеккендерге қолдарынан келгенше жәрдем бере алады.  

Кеңжан Әбенов, «Мен – Алматылықпын» қоғамдық бірлестігінің өкілі:

- Қырғыз мемлекеті біздің өте жақын көршіміз болған соң ұмытпау керек. Осындай өте қайғылы жағдайларда көмек беруді. Қазақстан мемлекетінен, өзіміздің қоғамдық ұйымынан, халқымыздан қолдан келген көмек беріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы