382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртау қаласында жылу қалпына келтірілді

  • 463
  • UPD: 13:42, 17.01.2017

Теміртау қаласында жылу қалпына келтірілді.

Демалыс күндері №2 жылу электр орталығында 3 бірдей қазандық істен шыққан болатын. Қазір екі қазандық қайта қосылды. Дегенмен қаланың кей ауданында баспаналар әлі де салқын. Өйткені орталықтан жіберілетін жылу бірнеше шақырымға созылған құбырдың бойымен үйге жеткенше суып кетеді. 6-шы мөлтекаудандағы 19-үйге жауапты пәтер иелері кооперативі төрайымының айтуынша, қазір үйге келіп тұрған температура көрсеткіші 65 градусты көрсетіп тұр. Бұл шойын батареялардың өзін әзер жылытады. Ал 6-шы шағын ауданындағы 4-ші үйдің тұрғындары демалыстан бері жылытқышты әлі қосып отыр.

Сергей Гулюк, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Батареялар осылай болар-болмас қана жылиды. Сондықтан екі бірдей жылытқышты қосуға тура келеді. Күні бойы жұмыста болғандықтан, пәтеріміз азынап тұрады. Үйде жас бала бар. Осылай жан сақтап отырмыз.

Вадим Лесин, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас энергетик міндетін атқарушы:

- Қазіргі уақытта 1,2,3,4,6-шы қазандықтар жұмыс істеп тұр. Бесінші қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Белгіленген температуралық кестеге сәйкес жұмыс істеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы